Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Аллергологтар мен иммунологтардың халықаралық конференциясы 10 мыңнан астам қатысушыны бір алаңға жинады

  24.02.2026
Аллергологтар мен иммунологтардың халықаралық конференциясы 10 мыңнан астам қатысушыны бір алаңға жинады

19-20 ақпан күндері Медициналық орталық ауруханасының базасында «Аллергология мен иммунологиядағы пәнаралық мәселелер» атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Екі күндік жиынға 378 дәрігер арнайы келіп қатысса, 9 876 маман онлайн түрде қосылды. Ғылыми бағдарлама аясында 55 баяндама жасалды. Конференцияда Италия, Германия, Түркия, Австрия, Украина, Болгария, Ресей және Қазақстан елдерінен келген 39 спикер өз тәжірибесімен бөлісті.

Бағдарлама аллергология мен иммунология саласындағы ең өзекті мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда, бронхиалды демікпе, созылмалы есекжем және дәрілік аллергияны анықтау мен емдеудің жаңа тәсілдері сөз болды. Сонымен қатар гиперэозинофильді синдром, бастапқы иммун тапшылығы, атопиялық дерматит және аллергиялық аурулардың психосоматикалық қырлары жан-жақты, түрлі мамандық өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

Конференция аллерголог және иммунолог дәрігерлер үшін тәжірибе бөлісіп, күрделі клиникалық жағдайларды бірге талқылауға және жаңа әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін беделді халықаралық кәсіби алаң екенін тағы бір мәрте көрсетті.




Аурухана серіктестері