Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

2026 жылдың 25-26 ақпан күндері Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді. Делегация құрамында жиырмадан астам түрлі саланың білікті дәрігерлері мен мамандары болады. Олар тұрғындарға кеңес беріп, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдарға жаңа технологияларды таныстыру және енгізу, аурулардың алдын алу, оларды дер кезінде анықтап, тиімді емдеуге арналған заманауи тәсілдермен бөлісу, сондай-ақ дәрігерлер арасындағы ғылыми әрі тәжірибелік байланысты дамыту.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының делегациясы құрамында №5 хирургия бөлімшесінің аритмологі Ринат Қамиев, №7 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, қантамыр хирургі Абылай Сейітқалиев, №4 хирургия бөлімшесінің проктологі Әмір Сүлейменов, №5 хирургия бөлімшесінің кардиологі Назира Әлібаева, МСАК бірінші бөлімшесінің невропатологі дәрігер Ғалымжан Жолданбаев, Ядролық медицина орталығының аға дәрігері, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Қуантқан Жабағин, кәсіптік білім беру бөлімшесінің жетекші маманы Айша Барлыбаева, клинико-фармакологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова, №8 хирургия бөлімшесінің гинеколог дәрігері Әділ Адрешев бар.
Аурухананың білікті мамандары аймақтағы емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ күрделі операциялар да жасайды.
Ескерту! Дәрігер қабылдауына жазылу үшін өңірдегі медициналық мекемелердің тіркеу бөліміне (call-орталық) қоңырау шалу қажет.
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Түркістан қаласында науқастарды қабылдау кестесі:
25.02.2026 Түркістан қалалық орталық ауруханасы
09:00-17:00 невропатолог Ғалымжан Жолданбаев
09:00-17:00 қантамыр хирургі Абылай Сейітқалиев
09:00-13:00 ядролық медицина маманы, онколог Қуантқан Жабағин
09:00-17:00 кардиолог Назира Әлібаева
09:00-17:00 аритмолог Ринат Қамиев
09:00-17:00 проктолог Әмір Сүлейменов
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Шымкент қаласында науқастарды қабылдау кестесі:
26.02.2026 Облыстық клиникалық аурухана
09:00-17:00 кардиолог Назира Әлібаева
09:00-17:00 невропатолог Ғалымжан Жолданбаев
14:00-17:00 аритмолог Ринат Қамиев
14:00-17:00 қантамыр хирургі Абылай Сейітқалиев
14:00-17:00 проктолог Әмір Сүлейменов
14:00-17:00 ядролық медицина маманы, онколог Қуантқан Жабағин
БАҚ өкілдері қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген телефон нөміріне хабарласа алады: +7 702 420 51 50.


